Бейжіңде 10 млн адамға коронавирус вакцинасы салынды

Бұл жайында денсаулық сақтау жөніндегі муниципалдық комитет мәлімет таратты. 2 сәуірдегі мәлімет бойынша, жалпы 16,05 млн доза вакцина қолданылған. Қаланың 10 млн астам тұрғынына екпе жасалды. Оның ішінде 6,04 миллионы - вакцинаның екі компонентін де алып үлгерсе, қалған 3,96 млн адам - бірінші дозаны салдырған. Екпе алғандардың 9,33 миллионы - 18 бен 59 жас аралығындағы адамдар. Бейжіңде жасы 60-тан асқан 670 мыңнан астам тұрғын вакцина жасатқан, оның ішінде жасы 90-нан асқан 551 адам бар. Бүгінде Бейжің халқының саны 21 миллионнан асады.
inform.kz