Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана күні қарсаңында Қызылордада жазғы теннис орталығы ашылды

Астана күні қарсаңында Қызылордада жазғы теннис орталығы ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Астана күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласындағы «Нұрсәт» теннис орталығының жанынан Жазғы теннис корты пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, спортшылар қауымына игі лебізін білдірді және аймақтағы бұқаралық спортты дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
«Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен спорттың бұқаралық сипат алуына ерекше көңіл бөлініп, бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны артуда. Қазіргі таңда облыста бұқаралық спортпен шұғылданатын тұрғындар үлесі 31,3 % құрады. Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында осы жылы облыс бойынша 5 спорт кешенінің, атап айтқанда Арал ауданы Қамыстыбас және Аманөткел ауылдары, Қазалы ауданы Пірімов ауылы, Қармақшы ауданы Жосалы және Жалағаш ауданы Жалағаш кенттерінде құрылысы жүргізілетін болады. Сонымен бірге, «Самұрық» корпоративтік қорының демеушілігімен Қызылорда қаласындағы Ж.Махамбетов ауылдық округінен көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталады», – деді аймақ басшысы.





kyzylorda-news.kz​​​
03 шілде 2021 ж. 355 0