Қызылордалық құтқарушылар Сырдария бойында құрбандық шалды
Қызылордада аймақтағы суға батқандардың санын азайту үшін құтқарушылар Сырдария өзенінің бойында құрбандық шалды. Жыл басталғалы бері өзенге 17 бала батып кеткен, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.
Құрбандық шалу рәсіміне Қызылорда облысының ТЖД қызметкерлері мен мешіт имамы қатысқан. Құтқарушылар рәсімді өңірдегі қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін өткізген.
Департамент басшысының орынбасары Саид Молдақараевтың сөзінше, құрбандық азаматтық қорғаныс бөлімі және Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің бастамасымен шалынған. Бұған себеп аймақтағы суға кеткендердің санының жоғары болуы. Жыл басынан бері облыстағысуқоймаларда 29 адам суға батқан, олардың 17-сі бала.
Құрбандыққа шалынған малдың еті мұқтаж жандарға таратып берілген.
stan.kz