Құрбандыққа шалынатын малдың бағасы қаншадан басталады?
BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, ҚМДБ наиб имамы Ершат Оңғаров құрбандық малын шалудың тәртібін айтып берді.
Qurban2020.muftyat.kz сайты арқылы құрбандық шалу онлайн жүзеге асады. Бірінші бетте құрбандық малын шалу үшін тапсырыс беру, мұқтаж жандар үшін құрбандық етін алу және құрбандық шалу бойынша мәлімет бар. Құрбандық малының бірнеше түрі ұсынылады. Ірі қара, түйе және ешкі малы бар. Ірі қараны 7 адам бірлесіп таңдай алады, қой мен ешкіні бір адам ғана таңдай алады. Оның құны да сайтта көрсетілген, - деді ол.
Ершат Оңғаров атап өткендей, бір қойдың бағасы әр өңірде әртүрлі.
https://baq.kz/Мысалы, тоқты 40 мыңнан басталса, қой 50 мыңнан жоғары болып тұр. Нарықтағы жағдай бойынша баға өсіп отыр. Ірі қараның да бағасы 300-350 мың, сайтта көрсетілген. Шариғатта қой малы бір жастан асқан соң құрбандыққа шалынады. Биылғы төлдің барлығы құрбандыққа шалуға жарамайды. Яғни, 6 айдан асқандар ғана шалынады, - деді ол.