Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 193 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қызылордада 193 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қызылорда облысында 193 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе қабылдау 1 ақпаннан басталды.
Нәтижесінде қазір вакцинаның бірінші компонентін алғандар 193 мыңнан асса, екінші компонентін 105 мыңнан астам адам салдырды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екпе қабылдағандар қатарында педагогтер, медицина саласының мамандары, құқық қорғау органы қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, студенттер саны басым.
«Өңірде егде жастағы адамдар да қатерлі індетке қарсы вакцина қабылдауда. Вакцинадан кейін тұрғындарда асқыну болған жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax», «Корона Вак» вакциналарының бірін таңдай алады.
Еске салсақ. Қызылордада 17 кәсіпкерлік нысан Ashyq жобасынан уақытша шеттетілді.

kyzylorda-news.kz
14 шілде 2021 ж. 309 0