Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ырғыздан көмек жеткізілді

Ырғыздан көмек жеткізілді

Арал ауданында орын алған қуаңшылық жағдайына байланысты өзге өңірлерден мал азығы жеткізілуде.
Солардың бірі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының «Ақәділ» шаруа қожалығы ауданға қарасты Аққұм ауылдық округіне 2000 прес жоңышқа шөбін жеткізіп, аралдықтарға көмек қолын созды.
Қазіргі таңда жергілікті ардагерлермен кеңесе келе ауылдық округтегі аз қамтылған 100 отбасыға 20 престен үлестіріліп берілді.
Жергілікті тұрғындар елге жеткен осындай қолдаулар мен көмектерге ризашылықтарын білдірді.
Облыстық ауылшарушылығы басқармасы

syrboyi.kz
21 шілде 2021 ж. 471 0