Арал ауданына 2499 тонна шөп жеткізілді

Қазіргі таңда «Қызыл аймақ» бойынша 1252 тонна шөп және 16,2 тонна жем, «Сары аймақ» бойынша 788 тонна шөп және 30 тонна жем, «Жасыл аймақ» бойынша 216 тонна шөп, Арал қаласы бойынша 243 тонна шөп және 5 тонна жем жеткізілген.
Бұдан бөлек, Аманөткел ауылында 25 отбасыға 12 прес шөптен барлығы 300 прес, Жетес би ауылында 30 отбасыға 23 прес шөптен 700 прес қайырымдылық көмек ретінде тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылып берілді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі