Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі сайлаудың жөні бөлек

Бүгінгі сайлаудың жөні бөлек

Халықтың қамын ойлап, ауыл жұртшылығының тіршілігіне етене таныс ауыл әкімін сайлау – әрбір ауыл тұрғынының парызы. Кез келген сайлау – бұл қоғамда қордаланған мәселелер жиынтығын шешуге бағытталған. Ауыл әкімдерін сайлаудағы жаңашылдық келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Соған сәйкес ауылдың тыныс-тіршілігіне қанық, ауылдың абыройлы азаматы, ақылшы ағасы Матығұл Жалғасбаевпен тілдескен едік. 

– Бүгінгі сайлау ауыл жұртшылығы үшін аса маңызды. Енді алдағы уақытта ауыл әкімі мен қоғамдастық кеңес мүшелері ортақ пікірге келіп, ауыл үшін маңызды мәселелердің түйінін тарқатуда тындырымды тірліктер атқарады деп сенеміз. Тұрғындар өз ұсыныстары мен қиындықтарын айта алады және сайлау арқылы жергілікті деңгейде билікке деген сенім арта алады. Мұның өзі ел жұртшылығына деген зор мүмкіндік. Бұл ретте ауызбіршілік пен ынтымақтың алар орны ерекше. Ұлттың ұйытқысы саналатын ауылды көркейту – тұтас елді көркейту екенін естен шығармағанымыз абзал. Ауыл тіршілігіне қатысты ортақ мәселені оңтайлы шешуде біз үшін ауыл әкімін таңдау маңызды болып тұр. Ең бастысы, елдің иігілігі үшін еңбек ететін ауыл әкіміне бірауыздан таңдау жасасақ, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді ауылдың жанашыр азаматы, ауыл ағасы Матығұл Жалғасбаев. 

Күнзипа ЗДЕНОВА 
01 тамыз 2021 ж. 467 0