Қызылордадағы әскери бөлімде ашық есік күні өтті

Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның отбасы мүшелерін әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстыру, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық рухтағы сананы ояту болды.Бөлім командирінің ұйымдастыруымен орын алған шарада бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары,аға лейтенант Ақылбек Болат әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен ашық сұхбаттар жүргізіп,бөлім аумағындағы барлық әскери нысандармен таныстырып жәнеәскери бөлімде қызмет жасап жүрген ел қорғау саласындағы туыстарына түсіністікпен қарауға шақырды. Әскери бөлімдегі негізгі лауазымды тұлғалар қонақтардың бөлімдегі қызмет пен тіршілік жайлы сұрақтарына жауап берді.
- Менің әкем Отан қорғаушы. Бүгін осы аталған шара барысында әкемнің жұмыс орнымен таныстым. Әскери сала өте қызықты екен. Әскерге деген талпынысым да арта түсті. Алайда, Отан қорғау жауапты іс екенін де түсіндім, - дейді бөлімдегі әскери қызметшінің ұлы Әлихан Қаныбек.


Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант