Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім күні 1-сынып үшін ғана салтанатты шара өтеді

Білім күні 1-сынып үшін ғана салтанатты шара өтеді

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтқан болатын.

1 қыркүйекте өтетін салтанатты шара дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ғана ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде Әліппе табысталады. Ал 2-11 сынып оқушылары бекітілген кабинеттерге барып, тақырыптық сынып сағаттарына қатысады, - деді министр.
Сондай-ақ министр отырыста қыркүйектен бастап барлық оқушы дәстүрлі форматта оқитынын айтты.
Осыған дейін Аймағамбетов аппарат жиналасында Білім күні 1-сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталатынын айтқан еді.

11 тамыз 2021 ж. 476 0