1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: Білім министрлігі мәлімдеме жасады
Білім күні жексенбіге түсетініне қарамастан, 1 қыркүйек күні Қазақстанның барлық мектебінде салтанатты сап түзеу жиыны өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Сап түзеу 1 қыркүйекте өтеді, дегенмен бұл күні мектеп оқушыларына сабақ болмайды", - деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі.
"Білім туралы" заңға сәйкес, Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап барады.
Білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ата-аналардың көпшілігі балаларын мектепке алты жастан жібереді. Егер 2014 жылы алты жасар балалардың 60%-і мектепке барса, 2018 жылы олардың саны 80%-ке дейін өскен.
2018-2019 оқу жылында үш миллионнан астам оқушы Қазақстандағы 7024 мектептің табалдырығын аттады, олардың 350 мыңы – бірінші сынып оқушылары. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап төртінші, тоғызыншы және оныншы сынып оқушылары жаңартылған мектеп бағдарламасына көшеді. Атап айтқанда, оныншы сынып оқушылары "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнін оқиды.
https://kyzylorda-news.kz/news/kogam/29718-1-yrkyek-zheksenbge-tsp-tr-blm-ministrlg-mlmdeme-zhasady.html"Сап түзеу 1 қыркүйекте өтеді, дегенмен бұл күні мектеп оқушыларына сабақ болмайды", - деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі.