Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметаралық комиссия отырысы

Үкіметаралық комиссия отырысы

Онлайн режімде Қазақстан – Біріккен Араб Әмірліктері бірлескен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысы өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер ми­нистрі Мұхтар Тілеуберді, Әмір­ліктер тарапын – БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл Мазруи басқарды.
Отырыс барысында екі­жақ­ты сауда-экономикалық қаты­настардың жаңа бағыттары мен ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, инвестициялар, энергетика, логистика және көлік, ғарыш, цифрлы технологиялар және инновациялар, денсаулық сақтау, білім, еңбек, техникалық реттеу және стандарттау, геология, туризм, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы шарттық-құқықтық базаны одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.
Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және ин­вестициялық қатынастарды дамы­ту, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында сауда миссияларын, бизнес-форумдарды және басқа да бірлескен іс-шараларды өткізіп тұру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Пікір алмасу барысында тараптар сауда миссияларын, бизнес-форумдарды және басқа да бірлескен іс-шараларды кезең-кезеңімен өткізуге келісті. Сондай-ақ жасанды интеллект, цифрлы экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жобаларды әзірлеу туралы уағдаласты.
Онлайн-кездесудің қоры­тын­дысы бойынша Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.

syrboyi.kz
20 тамыз 2021 ж. 517 0