Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТМД Үкімет басшылары кеңесінің видеосы жарияланды

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің видеосы жарияланды

31 мамыр күні Ашхабад қаласында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтер басшылары кеңесінің отырысына қатысты,     Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесуде сауда-экономикалық қатынастардың барлық бағыттары бойынша қазақстандық-түрікменстандық ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Келіссөздер барысында энергетика, ғарыш, ауыл шаруашылығы салаларындағы, әскери-өнеркәсіптік кешен, көлік-транзит дәліздерін дамытудағы өзара іс-қимыл келешегі аталып өтті.Шағын құрамда делегациялар басшылары ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар мәселелерді шешті. Кеңейтілген құрамдағы отырыстың басты тақырыптары инновациялық ынтымақтастықты дамыту, зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау, көлік-логистикалық және туристік салаларда өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, цифрлық экономиканы дамыту, ғарыш саласында жобаларды іске асыру болды. ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.
https://kaz.tengrinews.kz
03 маусым 2019 ж. 920 0