Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамин Ашхабадта ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Мамин Ашхабадта ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады

2019 жылғы 31 мамырда Асқар Мамин Ашхабадта (Түрікменстан) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТМД қатысушы-мемлекеттер үкіметтерінің басшылары Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды, ғылым және инновациялар, кедендік бақылау, зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау және т.б. саладағы ынтымақтастық тетіктерін қарайды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.
https://baq.kz
30 мамыр 2019 ж. 721 0