Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліден Аралға 85 тонна шөп жөнелтілген

Шиеліден Аралға 85 тонна шөп жөнелтілген

Қуаңышлыққа байланысты Арал ауданына жер-жерден жем-шөп жөнелту, көмек көрсету толастар емес. Бұл игі іс әлі де жалғасын табуда.
Биылғы жылы Шиелі ауданы бойынша 2021-2022 жылға қысқа түсетін шартты 74 100 малға 133 400 тонна шөп, 28 000 тонна сабан, 49 400 тонна жем дайындау жоспарланған. Мұнан бөлек, Арал ауданынының Қосжар, Райым, Жетес би ауылдық округтеріне шөп жіберу жұмыстары өз деңгейінде жүзеге асуда. Мәселен, Шиелі ауданынан бүгінгі күнге дейін жіберілген шөп 115 тоннаны құрап, аралдық ағайынға үлестірілген болатын. Бұл үрдіс жалғасын тауып, 21 тамыз күні Арал ауданында өтетін жем-шөп сату жәрмеңкесіне Шиеліден 8 көлік шөп, 1 жем тиелген жүк көлігі жөнелтілді. Алайда, бұл жолы жеткізілген жем-шөп халыққа үлестірген жоқ, керісінше арзан бағада саудаланды. Жәрмеңкеге барған шөптің салмағы 85 тонна болса, жем ретінде саналған күріш кебегі 3 тоннаны құрады.

kyzylorda-news.kz
24 тамыз 2021 ж. 261 0