Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалағаштықтар Аралға 7500 тонна мал азығын жеткізді

Жалағаштықтар Аралға 7500 тонна мал азығын жеткізді

Арал ауданында орын алған қуаңшылыққа байланысты бүгінде Жалағаш ауданынан Арал, Қазалы ауданындағы шаруашылықтарға 7,5 мың тонна мал азығы жеткізілді. Шілде айының өзінде 11 мың дана жонышқа пресі Арал ауданының шаруашылықтарына сатылды.
«Біздің ауданға Арал ауданының Сапақ және Аралқұм ауылдық округтердегі шаруашылықтарға мал азығын дайындауға көмек көрсетуге тапсырылған болатын. Бүгінде осы елді мекендердегі шаруашылықтардың сұранысына сәйкес аудандағы Сәрке батыр, Аққұм Жер, Ақбостай шаруашылықтары арқылы табиғи шөп дайындауда. Жалағаш ауданында 116 шаруашылық мал шаруашылығымен, оның ішінде 88 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасымен айналысуда. Жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасымен айналысып отырған 40 шаруашылық 79 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды», – дейді аудан әкімі Асылбек Шәменов.
Ал, аудан бойынша 2021 – 2022 жылдың қысына түсетін ауылшаруашылығы малдарына 78,1 мың тонна табиғи шөп, 28 мың тонна сабан, 15,6 мың тонна жем қажет деп жоспарланды. Бүгінгі күнге дайындалғаны 35065 тонна, оның ішінде 25040 тонна жонышқа шөбі, 10025 тонна қара шөп. Қазіргі таңда жоспар 45% орындалып отыр.

kyzylorda-news.kz
28 шілде 2021 ж. 1 172 0