Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰҚК бөлімшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

ҰҚК бөлімшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Алматы облысындағы "Баянқол" шекара бөлімшесіне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Премьер-министр Асқар Мамин тиісті үкімет қаулысына қол қойды.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын", – делінген құжатта.
Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
26 тамыз 2021 ж. 280 0