Алматы облысында жаңа аудан құрылды

Төменде «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» Жарлығының мәтіні келтірілген.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес:
- Алматы облысынан Райымбек ауданын бөлу арқылы әкімшілік орталығы Кеген ауылы болатын Кеген ауданы мен әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктерін құруға;
- Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтың 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шараларды қабылдауға;
- Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін деп қаулы етемін.
Baq.kz