Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырда карантин тағы екі аптаға ұзартылды

Байқоңырда карантин тағы екі аптаға ұзартылды

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Байқоңыр кешенінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ұсыныстары негізінде  қаладағы карантин режимін 12 қыркүйекке дейін ұзартты, деп жазады Egemen.kz.

Қаулыға сәйкес, қалада коронавирус инфекциясын таратпау үшін қолданыстағы шектеу шаралары сақталады. Сонымен қатар,  №3 бақылау-өткізу бекеті арқылы сағат кешкі 21.00-ден таңғы 08.00-ге дейін көліктер мен адамдардың өтуіне шектеу енгізілді.
Қалалық жедел штаб Байқоңырдағы эпидемиологиялық ахуал мәз емес екенін мәлімдеді. Соңғы екі аптадағы ресми мәліметтерде 2021 жылдың 13-27 тамызы аралығында 278 адам коронавируспен ауырғаны көрсетілген. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1945 адамнан 2223 адамға дейін өсті. 14 күн ішінде 11 өлім тіркелді. Бұл пандемия басталғаннан бергі эпидемиялық жағдай бойынша абсолютті рекордтық көрсеткіш. 48 адам жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр.
Байқоңыр қаласының жедел штабы инфекцияның алдын алу бойынша барлық шараларды сақтауға, жаппай вакцина салдыруды жалғастыруға шақырады.
30 тамыз 2021 ж. 356 0