Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырда карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

Байқоңырда карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының қаулысымен шаһар аумағында коронавирус инфекцияна қатысты шектеу шаралары 1 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін Байқоңырда карантин 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін енгізілген болатын. Эпидахуалдың өршуіне сырттан әкелінген жаңа жағдайлар себеп болған.
Ресей федералды медициналық-биологиялық агенттігінің «Байқоңыр» кешені өңірлік басқармасының мәліметінше, 2020 жылдың 26 желтоқсанынан 2021 жылдың 15 қаңтар аралығында 38 байқоңырлық тұрғын коронавирус жұқтырған. Тіркелген жағдайлардың жалпы саны 1124-тен 1162 адамға дейін артты. Инфекциялық стационарда 7 адам емделіп жатыр, соңғы үш аптада өлім жағдайлары болған жоқ. Пандемия басталғаннан бері Байқоңырдың 70 тұрғыны коронавирус ауруынан қайтыс болды.
Байқоңырда қолданыстағы шектеу шаралары сақталуда. Жедел штаб тұрғындарды жабық үй-жайларға барғанда маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, санитарлық ережелер мен жеке гигиенаны қатаң сақтауға шақырады.
16 қаңтар 2021 ж. 451 0