Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Ветеринария мамандарының жалақысын арттыру керек

Президент: Ветеринария мамандарының жалақысын арттыру керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ветеринария саласын да жетілдіру керек екенін айтты.
«Бұл салада орталық пен өңірлер арасындағы міндеттер мен қызметтер нақты бөліну керек. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде  ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес. Сондықтан осы салада жүйелі жұмыс атқару қажет. Атап айтқанда үдерістерді цифрландыру және мәлімет жинау,оны автоматтандыру маман дайындау және олардың жалақысын арттыру туралы Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жұмысын реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек», – дейді Мемлекет басшысы. 

kyzylorda-news.kz​​​
01 қыркүйек 2021 ж. 316 0