Жолдау - 2021: Төменгі жалақы мөлшері өсетін болды

Иә, күн тәртінен түспейтін қазіргі елдегі эпидахуалға байланысты пандемиямен күресудің тиімді жолын, өзге де өзекті мәселелерді қамтыған Жолдауда көпшіліктің көкейіндегі көптеген сауалдар шешімін тапты дей аламын.
Әсіресе жалақы мөлшерінің өсуі Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін ақжолтай жаңалықтардың бірі десек болады. Ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру жайында "Қазақстанның басты байлығы - еліміздің амандығы" деген президент ең төменгі жалақы мөлшерін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырды. "Ең төменгі жалақы мөлшерін қарастыратын уақыт келді. Ол 2018 жылдан бастап өспеді. Коронадағдарыс халықтың табысына салмақ түсіруде. Біз ең төменгі жалақы мөлшері бойынша бірқатар ТМД елдерінен артта қалдық. 2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырамын", – дейді.
Иә, бұл тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 30 жыл толып отырған жас мемлекет үшін үлкен жетістік. Дамудың даңғыл жолына түскен еліміз үшін алдағы уақытта көптеген жетістіктер жол ашатынына сенім мол.
Ж. ҚОСБАРМАҚОВ,
қала тұрғыны