Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 14 қыркүйекте, сағат 09:00-де Үкімет отырысы өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық ахуал, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы және 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралады.
«Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар», деп жазады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
13 қыркүйек 2021 ж. 463 0