Байқоңырдан «Союз-2.1б» зымыран тасығышы ұшырылды
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Фрегат» үдемелі блогы бар «Союз-2.1б» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы Роскосмос хабарлады. Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 12-ден өте ғарыш аппараты зымыраннан сәтті ажырады. Ракета орбитаға 34 британдық «Уанвеб» байланыс спутнигін алып шығады. Айта кетейік, бұл биыл ғарышқа жол тартқан 15-ші ресейлік зымыран. Бұған дейін «Союз-2 1б» 22 тамызда көкке самғады.
24.kz