Қалада жәрмеңке өткізілді

Бүгін Арал қаласындағы «Шанхай» мөлтек ауданындағы темір жол өткелінің маңында кезекті мал азығына қажетті жем-шөп сатылымы мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі ұйымдастырылды.
Тұрғындар игілігіне арналған шараға аудан әкімі Серік Сермағамбетов барып, бірнеше ауылдық округтің жәрмеңкеге әкелген бау-бақша, ет және сүт өнімдерін аралап көрді.
Сонымен қатар, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан жеткізілген мал азығына қажетті жем-шөптің сатылымына куә болды. Аудан басшысы шараны ұйымдастырушыларға барлық ауылшаруашылығы өнімдері сатылымында баға тұрақтылығының сақталуын қадағалауды тапсырды.
Атап өтейік, Шиелі және Жаңақорған аудандарынан барлығы 7 автокөлікпен жеткізілген жоңышқа, пішен престері сатылымда болды.
Бұдан басқа, Сазды, Жіңішкеқұм, Қарақұм, Аққұм ауылдық округтерінің 800 кг ет өнімдері және 60 л шұбат Ақбай ауылының қауын-қарбыздары, Қаратерең ауылдық округінен әкелінген 300 кг балық өнімдері тұтынушыларға ұсынылды.







Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі