Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Той жасауға рұқсат берілді

Той жасауға рұқсат берілді

Қазақстанда пандемия басталғалы алғаш рет той өткізуге рұқсат берілді. Алайда тойханаларға Ashyq-та статусы «қауіпсіз» қонақтар ғана кіргізіледі.
«Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы екі аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ке төмендегенін айтты. Осыған байланысты 27 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі», – делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.
Атап айтқанда, салтанатты, еске алу және отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге рұқсат беріліп отыр.
«Жасыл» аймақта тұрған өңірлерде зал 50%-ке дейін ғана толуы керек, 100 орыннан аспауы шарт.
«Сары» аймақта да 50%-ке дейін, 70 орыннан аспауға тиіс.
«Қызыл» аймақта 50%-ке дейін, 50 орыннан аспауы керек.

kyzylorda-news.kz
21 қыркүйек 2021 ж. 577 0