Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті
2021 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары. Кешегі мәлімет бойынша, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары «жасыл» аймақта тұрған болатын.
kyzylorda-news.kz