Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

ТМД-ның алты мемлекеті қол қойған келісім Қарулы Күштердің бірлескен байланыс жүйесін құруды көздейді.

Келісімнің негізгі міндеттері:

Байланыс қызметтерін көрсету және қарулы күштерді басқару жүйесінде және қарулы күштер арасында ақпараттың барлық түрлерімен алмасуды қамтамасыз ету;
ТМД форматында құрылған әскери нысандағы өзара іс-қимылдың бірлескен жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, келісім Жалпыға ортақ пайдаланылатын ұлттық байланыс жүйелерімен және арнайы мақсаттағы байланыс желілерімен үйлесімділік үшін қажетті байланыс талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді көздейді.

Бірыңғай техникалық тәсілдер мен қазіргі заманғы әскери техникамен және жабдықпен басым жарақтандыру негізінде құрылатын бірлескен байланыс жүйесі мемлекеттер Қарулы Күштерінің жауынгерлік қабілетін арттырады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев «ТМД-ның бірлескен гуманитарлық минасыздандыру бөлімшесі туралы» келісімге қол қойды.

Заңның негізгі міндеттері:

Бірлескен бөлімше құру - миналар мен жарылыс қаупі бар заттардың болуына арналған миналар мен объектілерді техникалық барлау, сондай-ақ оларды минадан тазарту;
Бұрын ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарды миналардан және жарылыс қаупі бар заттардан тазарту;
Табылған миналар мен жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру болып табылады.
Келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында гуманитарлық минасыздандыру міндеттерін орындауға бірлескен бөлімшені тарту мүмкіндігін көздейді.
18 қазан 2021 ж. 258 0