2020 жылы Қазақстанда әскери-спорттық ойындары өтеді

Сондай-ақ, отырыста Қазақстан аумағында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер достастық армиясының 3-ші әскери-спорттық ойындарын өткізуді қамтитын 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің пікір алмасуы аясында ТМД-ға мүше мемлекеттердің әскери саладағы өзара іс-қимылы сенім шараларын күшейтуге, Қарулы Күштерді дамытуға, ұлттық және бірлескен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық қатынастардың маңызды элементі болып табылатынын атап өтті.