Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тікұшақ апатынан қаза болған 13 әскери қызметкер марапатталды

Қызылордада тікұшақ апатынан қаза болған 13 әскери қызметкер марапатталды

Ми-8 тікұшағының апаты кезінде қаза болған ұшқыштар мен сарбаздар "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Ми-8 тікұшақ апатында қаза тапқан әскери қызметшілер әскери және қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін марапатталды.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Майор Роман Костыгов, майор Тимур Құдайбердиев, майор Данияр Қоңырбаев, майор Сабыр Тоқбаев, капитан Сырм Мәсәлім, лейтенант Аслан Айтбаев, сержант Қайрат Нұрсапанов, аға сержант Мұрат Шәріпов, кіші сержант Асхат Әбділманат, ефрейтор Айдын Әбділдинов, ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев, ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев, ефрейтор Мирас Жұматаевтың отбасына марапат табысталды. 
ҚР Қорғаныс министрлігі әскерилердің қаза болуы жақындарының ғана қайғысы емес, Қазақстан армиясы үшін орны толмас өкініш екенін мәлімдеді. Олар әскери қызметін адал, әрі батыл түрде өтеді. 
Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Апат салдарынан 13 әскери қызметкер қаза болды. 
http://stan.kz
09 мамыр 2019 ж. 843 0