Қызылордада инвестиция тарту көлемі өсіп келеді

«Өңірдегі бірқатар әлеуметтік салаларға инвестиция тарту көлемі ұлғайды. Атап айтқанда, тамақтану бойынша қызмет көрсету 3 есеге, ақпарат және байланыс 1,7 есеге, денсаулық сақтау саласы 1,2 есеге өсті. 2023 жылға дейін облыстың экономикалық даму жоспары бекітіліп, 404 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Сондай-ақ, «Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері» жобасы әзірленді. Сонымен қатар, барлық өңірде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының шағын несиелік мекемесі жұмысын бастап, кәсіпкерлерге жылдық үстемақы 6 пайызбен берілуде. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 6 инвестициялық жобаға инженерлік инфрақұрылым жеткізу мәселесі пысықталуда», – деді басқарма басшысы Ринат Қалдыбекұлы.