Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы мен жәрдемақыдағы өзгерістер

Зейнетақы мен жәрдемақыдағы өзгерістер

Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бюджеті туралы» Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3063 т, ең төменгі зейнетақы 46302 т, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19450 т, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 36018 т, ең төменгі жалақы - 60000 т мөлшерінде белгіленді.  2022 ж. 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға арттырылады, ал базалық зейнетақы мөлшері жұмыс істеген өтіліне (барлығы 33 жылдан аспауы тиіс)  сәйкес есептеледі. Қайта тағайындалған зейнетақы есептеу үшін ең жоғарғы табыс 2022 жылы 46 еселенген айлық есептік көрсеткіш 140818 (46*3063=140898).
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады,  ал  №1, №2  тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.                      
Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I-топ -69155 т,  II-топ -55108 т,  III- топ -37459 т. Бұрын бала мүгедектігін 16 жасқа дейін белгілеп 16 жаста науқастығына сәйкес топтарға ауыстырса енді 7 жасқа дейін бала мүгедегі болып 7 жастан бастап топтарға бөлінеді яғни 7 жасқа дейін - 50426 т, I–топ - 69155 т, II - топ -57269 т, III –топ 43222 т. болып белгіленді. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I – топ - 101211 т,  II -топ –86444 т, III –топ -72397 т. Мүгедек баланың күтіміне  - 50426 т төленеді.
              Биылға енгізілген жаңалықтың түрі мынадай. 05.04.1999 ж.№126 «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы Заңына» өзгертулермен толықтырулар енгізу туралы 12.10.2021 жылғы №67–VII Қазақстан Республика Заңына сәйкес I-топ мүгедегіне күтім жасаған үшін күтушіге жәрдемақы тағайындалып төленеді. Осы уақытқа дейін аталған жәрдемақы тек мүгедектік себебі «бала кезінен» деп көрсетілген мүгедектерге байланысты болса енді мүгедектік себебіне қарамай барлық  I-топ  мүгедектер күтушісіне төленеді. Жәрдемақы мөлшері күнкөріс деңгейінің 1,4 есесі яғни биыл 48023 т болса 2022 жылда 50426 т.                                            
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 30976 т, екі балаға - 53667 т, үш балаға - 66634 т, төрт балаға - 70596 т, бес балаға - 73117 т, алты және одан жоғары балаға - 75998 т. Тұлдыр жетім бір балаға - 42502 т, екі балаға - 85003 т, үш балаға - 127504 т, төрт балаға - 170005 т. Тағы бір жаналық бұрын жәрдемақы алушы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының екі түрі тиесілі болғанымен тек бір ғана жәрдемақы алуға құқылы болса енді жоғарыда аталған Заңға сәйкес екі түрін алуға да құқылы. Яғни асыраушысы қайтыс болған алушының асырауындағы баласы мүгедек деп танылып, тек қана мүгедектік жәрдемақы алып отырса енді асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы да тағайындалып төленеді.
             Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін -116394 т, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 192969 т. Бір жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға - 17643т, екінші балаға- 20860 т, үшінші балаға - 24045 т, төртінші және одан да жоғары балаға - 27261 т.
            Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға 49100 т, 5 баласы бар отбасыларға -61383т, 6 баласы бар отбасыларға -73666т, 7 баласы бар отбасыларға - 85948т, 8 баласы бар отбасыларға - 98018т, 9 баласы бар отбасыларға – 110268 т.
Айта кететін жәйіт көп балалы аналарға (Алтын, Күміс алқа, Батыр ана, 1,2 дәрежелі Ана даңқы орден иегерлеріне) – 19604т төленеді. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 5% -ға артырылады.
Бүгінгі таңда қайта есептеу жұмыстары жасалуда, қаңтар айының басында қайта есептелген сома толығымен төленеді.
Мурат ЖАНАЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысыбойынша филиалының әлеуметтік төлемдербойынша Арал аудандықбөлім басшысы 
27 қараша 2021 ж. 3 707 0