Тұңғыш Президент күніне арналған шара өтті
Кеше аудандық мәдениет үйінде 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Отаным – Қазақстан!» атты мерекелік шара өтті.
Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, елімізді жер-жаһанға танытып, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасының еңбегі ұшан-теңіз.
![](/uploads/posts/2021-12/medium/1638344792_7.jpg)
Мерекелік шара аясында мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдады. Одан әрі «Nur Otan» партиясының қатарына қабылданған азаматтарға партиялық куәліктері беріліп, төсбелгілері тағылса, еліміздің болашағы саналатын жас өрендерге мемлекеттік төлқұжаттары табысталды.
Ұлық күнді ұрандатқан салтанатты кеште «Шаттық» фольклорлық ансамблінің орындауындағы «Көшпенділер» мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Мұрат Сыдықовтың «Мұраттың төкпесі» сынды күйлер мерекелік кешке жиылған қауымның патриоттық сезімдерін оятып, ерекше әсерге бөледі.
Еліміз үшін елеулі мерекеде аудан өнерпаздарының орындауындағы дәстүрлі әндер мен маржан сөздің жыр-шашуы шашылған концерттік бағдарламаға ұласты.![](/uploads/posts/2021-12/medium/1638344821_1.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/medium/1638344813_2.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/medium/1638344880_3.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/medium/1638344882_4.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/medium/1638344928_5.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/medium/1638344920_6.jpg)
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі