Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі М.Оразбаев 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнімен аудан тұрғындарын құттықтады

Аудан әкімі М.Оразбаев 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнімен аудан тұрғындарын құттықтады

Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер!!!
Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің іргесін қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, елімізді жер-жаһанға танытып, бүгінгідей беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасының еңбегі орасан зор.
Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан көптеген сындарлы кезеңдерден сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы, әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді.
Тұңғыш Президентіміз Үкіметтің, өкілетті және ат­қа­ру­шы органдардың, қоғамның, рес­пуб­ликаның әрбір азаматының ал­ды­на нақ­ты міндеттер қойды. «Мәңгілік ел» болуға бастар Нұрлы жолды нұсқады.
Сондықтан бұл мерекенің мемлекетіміз үшін маңызы мол, тарихи тағылымы терең. Бүгінде еліміз өзінің егемендік тарихында әлеуметтік-экономикалық, мәдени жетістіктерімен дараланып, тарихи маңызы зор құжаттарын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басуда.
Елбасы біздің Арал өңірі үшін де әркез ерекше ықыласын танытып келеді. Нұрсұлтан Әбішұлының қолдауымен «САРАТС» жобасының бірінші кезеңі сәтті жүзеге асырылып, бір кездері суы тартылып, аңқасы кепкен Кіші Арал теңізі бүгінде қалпына келді. Ежелден тіршілігі теңізбен байланысқан өңір тұрғындарына ата кәсібі балық шаруашылығымен қайта қауышуға мүмкіндік туды. Бұл ауданның әлеуметтік және экономикалық жағынан дамуына үлкен серпін берді.
Елбасының тікелей қамқорлығындағы осынау тарихи өлкеміз жыл санап өсіп, өркендеп келеді.
Қадірлі ағайын!
Осындай айтулы мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке және Отанымыздың дамуы жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Еліміздің болашағы - баянды, келешегі-кемел, бірлігіміз-берекелі, татулығымыз - берік болсын!
Ізгі ниетпен  аудан әкімі  М.Оразбаев. 


01 желтоқсан 2020 ж. 656 0