Шығармашылық ұжымды құттықтады
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай « Сыр медиа» серіктестігінің шығармашылық ұжымын облыстық мәслихат аппаратының басшысы Бақытжан Ідірісов, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қаюпов, серіктестіктің бас директоры Аманжол Оңғарбаев құттықтап, бірқатар газет тілшілері мен баспа мамандарына марапаттар табыстады.
Құттықтаушылар мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда аймақтық БАҚ саласында еңбек етіп жүрген журналистердің үлесі ерекше екенін айтты. Халық пен биліктің арасына алтын көпір орнатып, елдің ертеңге деген сенімін қалыптастыруда абырой биігінен көрінген қалам иелерінің қоғамдағы орнын атап өтті. Сонымен қатар, «Сыр журналистикасының тарихы» бестомдығын шығаруға атсалысқан әріптестердің атына жылы лебізін білдірді.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, бір топ журналистер, баспа мамандары облыстық мәслихат аппаратынан, ішкі саясат басқармасынан, республикалық кәсіподақ ұйымы және «Сыр медиа» серіктестігі атынан Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапатталды.
«СБ» ақпарат
syrboyi.kz