«Рухани жаңғыру» орталығы» КММ директоры тағайындалды

Мақсат Дауылбай 1996 жылдың 12 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2017 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша бітіріп, 2020 жылы «гуманитарлық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін иемденген.
Әр жылдарда Қызылорда облыстық филармониясында «сценарист», Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында» жетекші сарапшы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтында» жетекші сарапшы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында бөлім басшысы, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының «Келешек жастар кеңесінің» төрағасы лауазымдары бойынша еңбек еткен.
2021 жылдың ақпанынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары қызметін атқарып келді.
Осы уақытқа дейін «Рухани жаңғыру» орталығы» КММ директоры болып келген Ибраев Уалихан Серікұлы Облыстық ішкі саясат басқармасының ҚХА хатшылығы - Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
syrboyi.kz