Президент Жаңаөзендегі жағдайды тез арада шешуді тапсырды
![](/uploads/posts/2022-01/medium/1641194522_2022-01-03-tokaev.jpg)
«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс», делінген Президент жазбасында.
Сондай-ақ Президент: «Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек» деп атап өтті.