Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықпен біргеміз: Мәжіліс депутаттары ақтаулықтармен кездесті

Халықпен біргеміз: Мәжіліс депутаттары ақтаулықтармен кездесті

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжіліс депутаттары Самат Мұсабаев пен Еділ Жаңбыршин Ақтау тұрғындарымен кездесіп, сұйытылған газдың бағасына байланысты туындаған жағдайды талқылады.
«Бұл жерге сіздер үшін келіп тұрмыз. Сендердің жанайқайларыңды, мәселелеріңді, бәрін Үкіметке, Парламентке, әкімге, министрге жеткізуге міндеттіміз», – деді Самат Мұсабаев халықтың ортасына шығып.
Оның айтуынша, сұйытылған мұнай газының бағасын Үкіметтік комиссия нақтылауы керек.
«Комиссия жұмысы әрі қарай жалғасады. Ашық отырыс болады, жабық отырыс болады. Соның бәріне қатысамыз, біз сіздермен әрдайым біргеміз. Бағаны түсіруге, әлі де түсе ме, 85 күйінде қала ма, сол тұрғыда жұмыс істейміз», – деді депутат.

kyzylorda-news.kz​​​
04 қаңтар 2022 ж. 303 0