Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысына қатысады

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.
«Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды»,-делінген хабарламада.
Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
kyzylorda-news.kz