Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі тағайындалды

«AMANAT» партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі тағайындалды

Әбутәліп Мүтәлі «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады партияның ресми сайты.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды, - делінген хабарламада.
Партияның баспасөз қызметі мәліметінше, ол "Ашық партия" бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.
Әбутәліп Мүтәлі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. "Болашақ" бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) бітірген.
Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

baq.kz
09 наурыз 2022 ж. 688 0