Омикрон штамын жеңдік – Денсаулық сақтау министрі

Министр омикрон штамын жұқтырғандар саны қысқа мерзім ішінде ғана артқанын атап өтті. Ол шамамен бір айға созылған - биыл 11 қаңтардан 9 ақпанға дейін.
"Бұл халықтың ұжымдық иммунитетіне байланысты болып отыр. Бірақ ауру әлі де таралуы мүмкін. Менің ойымша, вирус ретінде омикрон штамын жеңдік", - деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.
Ажар Ғиният бүгінде еліміздің барлық өңірі "жасыл" аймақта екенін еске салды.
"Бұл COVID-19 таралуын болдырмау үшін қабылданған шаралардың тиімділігіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар әлемде омикрон штамын жұқтырғандар саны артып келеді. Бірқатар елде ол екі айдан аса уақытқа, кейбір елде үш айға созылады", - деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.
Айта кетейік, бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов Ashyq қосымшасы алынып тасталғанына қарамастан, ғимарат ішінде маска режимін сақталатынын айтқан болатын.