Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті

Осы орайда республикалық референдумды қолдауға бағытталған аудандық қоғаммен байланыс жөніндегі штабтың үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін Қызылорда облыстық «ARAL KELBETI» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, штаб төрағасы Асанбаев Арғынбайдың бастауымен кездесу өткізілді.
Жиын барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты мәселелер талқыланды. Парламенттің рөлін арттыру, Үкіметтің Парламентке есеп беруі, халықтың сайлау құқын жетілдіру, партиялық тізіммен қатар мажоритарлық жүйенің енгізілуі, Президенттің саяси партиялардың бәріне ортақ болуы үшін бір партияның мүшесі болудан бас тартуы сияқты өзгерістер туралы штаб құрамы өкілдері өздерінің пікірлерін білдірді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі