Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат депутаты университет ұжыжымен кездесті

Сенат депутаты университет ұжыжымен кездесті

Бүгін Қорқыт Ата атындағы университетте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы жалпыхалықтық референдумды қолдау бойынша білім саласының өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығы айтылып, қоғамдағы түйіткүлді мәселелер кеңінен қозғалды.
«Мемлекет басшысы наурыз айындағы Жолдауында саяси реформаның өзгеретінін және экономикалық тұрғыда нақты әрекеттер жүргізілетінін айтты. Осыған сәйкес, Конституциядағы 98 баптың 33-не өзгерістер енгізіледі. Өзгерістерді ел жақсы қабылдап жатыр.Соның ішінде Президенттің 2 реттен артық мерзімге сайланбауы, әкімдерді сайлауда халыққа таңдаудың болуы, мәслихаттарға басымдық берілуі халықты қуантып отыр. Әрине, жер Кодексі, тіл туралы заңға қатысты да ұсыныстар көтеріліп жатыр. Алайда бізге Ата заңымызды қабылдау онан жоғары. Осы бағытта саяси жүйеде үлкен өзгерістер орын алады. Алда болатын жалпыхалықтық референдумда баршаңызды белсенді болуға шақырамын», – деді ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы өз сөзінде.

Сондай-ақ жиында сөз алған «AMANAT»партиясы облыстық штабының мүшесі, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов референдумның маңыздылығына тоқтала келе, халық даусының шешуші рөл атқаратынын, оған әр азаматтың атсалысуы керектігін атап өтті.
Келелі кездесуде университет ұжымы ортақ ойды ортаға салып, жалпы елдегі өзгерістерден үлкен үміт күтетіндіктерін жеткізді.
23 мамыр 2022 ж. 271 0