Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңашылдыққа бастайтын жол

Жаңашылдыққа бастайтын жол

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында Конституциялық өзгерістерге байланысты Ата Заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды жалпыхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысын жеткізген болатын. Бүгінгі күні қалың бұқараның тағатсыздана күтіп жүргені де алдағы айда болатын референдум болып отыр. Мемлекет басшысының өзі көтерген басты қағидасы – қарапайым халық үніне құлақ асатын билік пен қоғам, халық пен жоғары билік арасындағы ара қатынастың жаңа форматы негізінде осы жалпыхалықтық референдум өткізу ұсынылды.
Ауданда да Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен оның маңыздылығына тоқталу мақсатында, сондай-ақ референдумды қолдауға арналған кездесулер басты назарда ұсталып, белсенді түрде жүргізіліп келеді. Мәселен осы референдумға түсіндірме жұмыстарын жүргізу аясында белсенді жастармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында референдумның маңыздылығы мен оған қалың көпшіліктің белсене атсалысуы қажет екендігі жеткізілген болатын. Нәтижесінде жастарымыз референдумға қолдау білдіре отырып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар аудандық штаб өкілдері №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ұжымымен кездесіп, референдум туралы өз ойларын ортаға салып, пікір білдірді. Түсіндірме жұмыстары барысында Ата Заңға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер туралы тоқтала отырып, конститутциялық реформалар біздің мемлекетіміз үшін және әрбір азамат үшін маңызды процесс екеніндігі түсіндірілді. Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі мекемесінде қоғаммен байланыс жөніндегі штаб құрамының мүшесі Ә.Танымбетов мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиын барысында елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен жалпыхалықтық референдум өткізудің маңыздылығы түсіндірілді. Ата Заңымызға 1995 жылдан бері өзгеріс енгізілмегенін ескере отырып, Мемлекет басшысының осындай ұсыныс жасағандығы жөнінде сөзге тиек етілді. Ендігі кезекте еліміздің әрбір тұрғыны белсенді түрде қатысып, өз ұстанымын білдіруі қажет екендігі де айтылды. Дауыс беру қорытындысы негізінде Парламенттің алдында конституциялық заңдарды қабылдау бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын жиынға қатысушыларды бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Жаңа Қазақстанның Ата Заңын өзгертуге бірге атсалысуға шақырды. Ұжым қызметкерлері референдум өткізілетін күні бірауыздан қолдау білдіретіндерін жеткізді. Осы шара аясында орталық алаңда үндеу парақтары таратылып, халықты референдумға қолдау білдіруге шақыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Жалпыұлттық референдум арқылы өзгерістер мен толықтырулар өткізу  өте орынды іс. Референдум билік пен қоғам арасын нығайтуды басты назарға ала отырып, халық үніне құлақ түретін болады. Сол үшін барлығымыз алдағы референдумға белсенді қатысып, «Жаңа Қазақстанның» құрылып, әрі қарай дамуына атсалысайық.

(Өз тілшімізден)
21 мамыр 2022 ж. 939 0