Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Спортшыларды референдумға белсенді қатысуға шақырды

Спортшыларды референдумға белсенді қатысуға шақырды

Бүгін Тасбөгет кентіндегі №5 спорт мектебінде «AMANAT» партиясы жанындағы қалалық қоғамдық штабтың мүшесі Съезбек Ахметов спортшылармен кездесіп, референдумды қолдауға және алдағы науқанда дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Кездесу барысында штаб мүшесі Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі екенін айтып, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатынын атап өтті.
Реформаға барша қазақстандықтардың өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында ұйымдастырылып отырғанын, халқымыздың игілігі үшін жасалып жатқан оң өзгерістерге біркісідей қолдау жасауымыз қажет екені де айтылды.
Жиында спортшылар өздерінің ой-пікірлерін айтып, науқаннан қалыс қалмайтындарын жеткізді. Дәл осындай кездесу штаб мүшелерімен №1 спорт мектебінде де жалғасты.
27 мамыр 2022 ж. 350 0