Жіңішкеқұм ауылындағы апатты мектептің мәселесі шешілді

Апатты деп танылған білім ошағының жағдайымен танысқан аймақ басшысы мердігерге құрылысты сапалы әрі жыл аяғына дейін аяқтауды тапсырды.
- Мектеп құрылысының салынғанына небәрі 6 жыл болғанына қарамастан, қазіргі күйі балалардың білім алуына қауіп төндіріп тұр. Бұл мәселені жеке инвестор арқылы шештік, жаңа мектеп құрылысын бастаймыз, – деді облыс әкімі.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі