Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Аралтұз" акционерлік қоғамы "Алтын сапа" сыйлығына үміткер

"Аралтұз" акционерлік қоғамы "Алтын сапа" сыйлығына үміткер

«Алтын сапа» сыйлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазанындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін конкурс туралы» №94 жарлығымен Қазақстанның жаңа экономикасын құру, өз өндірісін дамыту, тауарлар мен қызметтердің сапасын тұрақты түрде көтеру үшін тағайындалды.
Қазіргі заманғы менеджменттің даму үдерісін есепке ала отырып Еуропалық сапа сыйлығы үлгісімен үйлестірілген және талаптары өнім және қызмет сапасы саласындағы жетістері үшін ТМД сыйлығына сәйкес келетін жаңа үлгісімен өткізілетін, жаңа үлгіде басшылардың жетекші рөлін, ұйымның сапа саласындағы саясаты мен стратегиясын, маңыздылығын күшейтіп, жаңа үлгіні қолдау, ұйымдардағы сапа саласындағы жұмыстарын арттырып, жан – жақты бағалау мақсатындағы «Алтын сапа» Қазақстанның көрме – байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан осы сыйлықты алуға еліміздің 200-ден аса кәсіпорыны үміткер болады.
Үстіміздегі жылы да аталған сыйлық өз иелерін табу үшін «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдап, 15 – 25 қазан аралығында он күндік дауыс беру байқауын жариялаған болатын. Аталмыш сыйлықтар үміткер кәсіпорындар қатарында «Аралтұз» акционерлік қоғамы да бар(болды).
«Аралтұз» - еліміздегі тұз қазу және оны өңдеу бойынша ең ірі кәсіпорын. «Аралтұз» акционерлік қоғамы сапалы тұзды өндіруге және Қазақстанның экономикасының барлық салаларында жұмыс істеуі мен дамуы үшін стратегиялық ресурс пен тіршілік көзі болып табылатын туған жердің байлығы болып саналатын пайдалы қазақстандық тұзды әрбір тұтынушыға жеткізетін ірі компания.
Бізге тарихтан белгілі болғандай Аралдың тұзды көлдерінің алғашқы зерттеу жұмыстары 1913 жылы жүргізіліп, Арал өндірістік кешенінің негізін қалады. Соның негізінде осындан 93 жыл бұл, яғни 1925 жылы Жаксықылыш тұзды көлдерінің базасы аясында «Соль» артелі құрылған болатын. Ал, 1927 жылы «Сольтрест» аталған бұл ұйым мемлекеттік кәсіпорынға айналса, араға отыз бір жыл уақыт салып, «Сульфатпен» бірігіп, «Аралсульфат» аталды. Міне, осылайша шағын ғана артельден үлкен кәсіпорынға айналып, бұрынғы Кеңес Одағының тұз өнеркәсібінің көшбасшысына айналды.
КСРО тараған тұста «Аралсоль» жекешелендірілді. Дегенмен бұл қадам аталмыш кәсіпорынның бүгінгі таңдағыдай өрісін кеңейтіп, нарықтық экономика талаптарына сай кешенді өнеркәсіп мекемесіне айналуына жасаған алғашқы қадамы болды. Нарық талабына сай, бәсекелестікке берік, дамуы тұрақты тұз өндіру және өңдеу ұйымының жұмысы жандана түсті.
Тәуелсіздік алғаннан кейін де абырой биігінен түспеген кәсіпорын атауы 1994 жылы «Аралтұз» АҚ атауына ие болды.
Қазіргі таңда аталмыш кәсіпорын соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталып, қарқынды жұмыс жасап келеді. Алыс – жақын шетелдерге өнімін экспорттап отырған «Аралтұз» АҚ сапалы өнім дайындауымен танылуда. Оған бірден бір дәлел 90 жылдан астам тарихы бар мекеменің заттарына деген сұраныстың өте көп болуы.
Еңбегі еленіп, елге мәшһүр болған «Аралтұз» АҚ аталмыш сыйлыққа әбден лайықты іргелі ұжым. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме – байқауына алғашқы рет қатысуы мен. Сапаға сай өнім ұсыну тұтынушылардың да оң бағасын алатынына кәміл сенеміз.
31 қазан 2018 ж. 1 085 0