Қасым-Жомарт Тоқаев: Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек

Мемлекет басшысы айтулы күнге орай Twitter-де жазба жариялады.
«Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады», – деді Мемлекет басшысы.