Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін белгілі болғандай, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.

Отырысқа Сенаттың 55 депутатының 50 депутаты, Мәжілістің 107 депутатының 99 депутаты қатысуда.

Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашық деп жариялаймын. Біздің бүгінгі бірлескен отырысымызға республикамыздың Премьер-министрі, Мемлекеттік кеңесші, Президент әкімшілігінің басшысы, Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғарғы Сот кеңесінің төрағалары, Үкімет мүшелері, республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары қатысып отыр, - деп атап өтті Мәжіліс төрағасы.
16 қыркүйек 2022 ж. 511 0