Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Оған Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Тәжікстан үкіметі басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысады.
27 қазанда Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Астанаға ұшып келді. Оны Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин қарсы алды.